19
апрель
2025
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Балалларды қолдау орталығында Ұлыстың ұлы күнінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында мерекелік шара өтті. Іс-шара халықтың бірлігі мен ынтымағын арттырып, ұлттық дәстүрлер мен рухани мұраларды жаңғыртуға арналды. Қонақтарға наурыз көже мен түрлі ұлттық тағамдар ұсынылудан басталды.Мерекелік шараның басты ерекшелігі – ұлттық ойындар сайысы болды. Қатысушылар арқан тарту, асық ату, қол күрес, қазақша күрес сынды жарыстарда бақ сынап, жеңімпаздар арнайы марапаттарға ие болды. Шара соңында ақсақалдар мен құрметті қонақтар ақ баталарын беріп, наурыздың әр шаңыраққа құт-береке әкелуін тіледі. Осындай берекелі басқосу ел бірлігін нығайтып, ұлттық рухымызды көтеретін маңызды мерекеге айналды.
Өскелең ұрпақ ата салтымыз бен дәстүрлерімізді біліп өсуге тиіс
Өскелең ұрпақ ата салтымыз бен дәстүрлерімізді біліп өсуге тиіс